ГКП НА ПХВ «Кызылординской Медицинский Высший Колледж»
О колледже
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қазақ АССР–і Денсаулық Сақтау Комиссариатының 1928 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен «Қазақ акушерлік техникумы» деген атпен ашылған. ҚазССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1954 жылғы бұйрығымен «Қызылорда медициналық училищесі» болып аталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1996 жылғы 14 маусымдағы № 282 бұйрығымен Қызылорда медицина колледжі болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Білім, Мәдениет және Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығы бойынша Қызылорда облысы әкімінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 882 «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің тізімін бекіту» туралы шешіміне сәйкес, Облыстық Денсаулық Сақтау басқармасының 1999 жылғы 22 қаңтардағы «Облыстық Денсаулық Сақтау мекемелеріне тіркеу және қайта тіркеу» туралы № 32 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының Юстиция басқармасында 1999 жылдың 25 қаңтарында № 3102 -1933 тіркеу номері бойынша Қызылорда медицина колледжі мемлекеттік қазыналық мекеме болып тіркелді. Қызылорда облысы әкімдігінің 4 тамыз 2016 жылғы №544 қаулысы негізінде «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” ҚР 2001 ж.23.01 Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” ҚР 2011 1.03 Заңына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің 25.05.2018 №1122 қаулысы негізіндеҚызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Қызылорда медициналық жоғары колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны“Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Қызылорда медициналық жоғары колледжі” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды. Колледж өз тарихында 30 000-нан аса орта буын медицина мамандарын даярлап шығарды. 2014 жылы пилоттық жобада «Мейіргер ісі» мамандығының қолданбалы бакалавр біліктілігі бойынша талапкер қабылдап, нәтижелі болған жоба негізінде бүгінгі таңда аталған біліктілікпен бірнеше маман даярланып еңбек етуде. Колледж қазіргі таңда Қазахстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті техникалық және кәсіптік білім беру қызметімен айналысуға шектеусіз мерзімге берілген 2019 жылғы 19 сәуір №KZ70LAA00015916 нөмірлі Мемлекеттік лизензиясы және №007, 008, 009 нөмірлі қосымшалар негізінде төмендегідей мамандықтар даярланады: 1. 09110100 Стоматология 3W09110101 Стоматологиялық гигиенашы 4S09110102 Дантист 4S09110103 Стоматолог-дәрігердің көмекшісі 2. 09110200 Ортопедиялық стоматология 4S09110201 Тіс технигі 3. 09120100 Емдеу ісі 4S09120101 Фельдшер 4. 09130100 Мейіргер ісі 3W09130101 Күту ісінің кіші мейіргері, 3W09130102 Массажист, 4S09130103 Жалпы практикадағы мейіргер 5AB09130101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры (орта арнаулы және орта білімнен кейінгі білімді медицина мамандарын дайындайды) 5. 09130200 Акушерлік іс 4S09130201 Акушер 6. 09140100 Лабораториялық диагностика 4S09140101 Медициналық зертханашы 7. 09160100 Фармация 4S09160101 Фармацевт 8. 09880100 Гигиена және эпидемиология 4S09880101 Гигиенист-эпидемиолог 2022-2023 оқу жылында колледж білім алушылар контингенті -2623 студентті құрады. Оның 1096-сы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алады. Колледжде 136 оқытушы дәріс береді. Оның ішінде: Жоғары санатты-21 Бірінші санатты-9 Екінші санатты -5 «Педагог-зерттеуші» санатты-13 «Педагог-сарапшы» санатты-8 «Педагог-модератор» санатты-21 Ғылым магистрі-29 Педагогтар құрамында: ҚР «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері - 1; «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 3; «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі – 15; «Білім беру ісінің үздігі» белгісі – 1; «Алтын дәрігер» - 2; Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін төсбелгі иегері – 1; 2022-2023 оқу жылында 13 пәндік әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды: «Жалпы білім беру-1» пәндер бірлестігі «Жалпы білім беру-2» пәндер бірлестігі «Жалпы ізгілендіру» пәндер бірлестігі «Әлеуметтік-экономикалық» пәндер бірлестігі «Жалпы кәсіптік пәндер-1» бірлестігі «Жалпы кәсіптік пәндер-1» бірлестігі «Арнайы мейіргер ісі негіздері--1» пәндер бірлестігі «Арнайы мейіргер ісі негіздері-1» негіздері пәндер бірлестігі «Арнайы клиникалық пәндер-1» бірлестігі «Арнайы клиникалық пәндер-2» бірлестігі «Арнайы клиникалық пәндер-3» бірлестігі «Арнайы фармациялық пәндер» бірлестігі «Арнайы стоматологиялық пәндер» бірлестігі Білім алушылардың практикалық іс машық дағдысын жолға қою мақсатында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжінің клиникалық базаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде 48 медициналық емдеу ұйымдары колледждің клиникалық базалары ретінде жыл сайын екі жақты келісім – шарт жасалады. Мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарына сәйкес тәжірибелік сабақтардың сапалы өтуіне, клиникалық және диплом алдындағы кәсіптік тәжірибені өтуге, дипломдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жұмыспен қамтамасыз етуге арналған «Студент - Емдеу ұйымы - Медициналық колледж» арасында емдеу мекемелерімен үш жақты келісім-шарт жасалған. Колледж студенттеріне арналған 2019 жылдың желтоқсан айында 330 орындық жаңа жатақхана салынып, пайдалануға берілді. Білім алушылар үшін демалыс, тұрмыстық қажеттіліктер бөлмелері санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жұмыс жасайды. Колледж кітапханасындағы жалпы кітап қорын -(экз/аты) 88203, соның ішінде (СІ): электрондық басылымдар 620, қазақ тіліндегі кітаптар 35043 (экз./аты), медициналық кітаптар 35055 СІ: қазақ тілінде – 12056, Мед. Журналдар – 4 СІ: қазақ тілінде-1, оқулықтар - 41796, СІ қазақ тілінде – 25635, авторефераттар – 2, басқалар – 10726. Кітапханадағы компьютерлер саны – 12. Компьютерлендірілген анықтамалық-библиографиялық каталогы «Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе - КАБИС» жұмыс жасайды. . Сонымен қатар Оkulyk.kz сайтынан барлық оқулықтардың pdf түріндегі электрондық нұсқасы тартылып алынып, медициналық пәндер бойынша оқулықтар сканерден өткізіліп smart nation.kz порталына енгізілді. «Aknurpress» тарифі білім алушылар мен оқытушыларға арналған цифрлық оқулықтар мен оқу құралдары бар базаға онлайн қолдануға келісім-шартқа отырды. Барлық әдебиеттер қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде берілген және «Aknurpress»-тің cаll-орталығы арқылы техникалық қолдау көрсетіледі. Оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да қызметті басқару процессін оңтайландыру, насихаттау үшін колледжде заманауи ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желі мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ішкі жергілікті желі құрылды. Атап айтсақ, колледж сайты – www.kzmedicalcollege.kz , инстаграмм–medcollegekzo, facebook– https://www.facebook.com/profile.php?id=100000861896594 ), электронды почта– kzmedicalcollege@mail.ru .
Главный корпус расположен по адресу: Кызылординская Область, Кызылорда Г.А., Г.Кызылорда, Улица Ыбырай Жахаев, 18.
Поступление и условия
Приемная кампания
9 и 11 классы
Зачисление проводится по конкурсу среднего балла аттестата. Сдача ЕНТ не требуется.
Государственный заказ
Гранты РК
Бесплатное обучение, ежемесячная стипендия и компенсация за проезд при поступлении на грант.
Общежитие и питание
Наличие общежития
Колледж располагает благоустроенным общежитием для иногородних студентов с комнатами для отдыха, интернетом и читальными залами.
Горячее питание
Студенты рабочих квалификаций и социально уязвимых категорий обеспечиваются бесплатным горячим питанием в столовой колледжа.
Отзывы студентов и выпускников
Оценки учебного процесса, преподавательского состава, общежития и практики
Поступление в колледж
Ознакомьтесь с условиями поступления и перечнем необходимых документов.
Условия поступления