Шылау және оның түрлері: септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар
Көмекші сөз табы — шылаулар, дербес мағынасының болмауы, септеулік, жалғаулық және демеулік шылаулардың мағыналары мен емлесі.
Толық лексикалық дербес мағынасы жоқ, өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын, сөздер мен сөйлемдердің арасын байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздерді шылау (служебные слова) дейміз.
Шылаулар үш үлкен салаға бөлінеді:
1. Септеулік шылаулар (Послелоги);
2. Жалғаулық шылаулар (Союзы);
3. Демеулік шылаулар (Частицы).
Шылау сөз табы
Белгілі бір септіктегі сөзбен ғана тіркесіп келіп, оған жанама мағына үстейтін шылауларды септеулік шылау дейміз:
- Атау септікпен: сияқты, секілді, туралы, арқылы, үшін, сайын, бойы (оқушы сияқты, тау туралы, жол бойы);
- Барыс септікпен (-ға/-ге): дейін, шейін, таман, қарай, тарта, орай (ауылға дейін, кешке қарай);
- Шығыс септікпен (-дан/-ден): соң, кейін, бұрын, бері, гөрі, тыс (сабақтан соң, бұдан бұрын, одан гөрі);
- Көмектес септікпен (-мен): қатар, қабат, бірге (досымен бірге, анасымен қатар).
Септеулік шылаулар
Сөз бен сөзді немесе сөйлем мен сөйлемді өзара мағыналық қатынаста байланыстыратын шылауларды жалғаулық шылау дейміз:
1. Ыңғайлас: және, мен/бен/пен, да/де, та/те, әрі (Асқар мен Димаш);
2. Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда, әйтпесе, әйткенмен (Келді, бірақ кірмеді);
3. Себеп-салдар: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін (Үлгермеді, өйткені кешікті);
4. Талғаулы: не, немесе, я, яки, әлде, бірде (Кітап не журнал);
5. Кезектес: бірде, бісе (Бірде күлді, бірде жылады).
Жалғаулық шылаулар
Өзі тіркескен сөзге сұрау, күшейту, шектеу, болымсыздық сияқты қосымша реңк үстейтін шылауларды демеулік шылау дейміз:
- Сұраулық: ма/ме, ба/бе, па/пе (Келдің бе? Оқыдың ба?);
- Күшейткіш: да/де, та/те, қой, ғой, дағы (Сен де кел, білдім ғой);
- Шектеулік: ғана, қана, тек, тек қана (Бір ғана оқушы);
- Болымсыздық: түгіл, түгілі, тұрмақ (Айтпақ түгіл, ойламадым).
Шылаулардың барлығы СӨЗДЕН БӨЛЕК ЖАЗЫЛАДЫ: келді ме, сен де, барасың ба!
Демеулік шылаулар
Емле ережесі
«Ма/ме, ба/бе, па/пе» және «да/де, та/те» шылаулары сөзден БӨЛЕК жазылады! Оларды қосымшамен шатастырмаңыз!
