You are here

«Ұлы тұлғалар жолымен»

Облыс орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ұлы тұлғалар жолымен» атты жастар арасындағы онлайн-конкурсы өткізілді. Іс-шаралар жұмыс істейтін, студент және оқушы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын арттыру, жастар қозғалысын дамыту, қоғамдық санада қазіргі заманғы табысты жас қазақстандықтың тұлғасын қалыптастыру үшін іске асырылды. Байқауға  А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жас оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификаттар мен дипломдармен марапатталды. Соның ішінде біздің университетің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Байсеитова Айгуль алғыс хатпен марапатталды. Яғни, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдызына және Тұңғыш Президентi күніне арналған «Ұлы тұлғалар жолымен » атты ғылыми жұмыстардың онлайн - байқауына белсене қатысқаны үшiн А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры атынан сертификатқа ие болды.